Сауд инвесторлары Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығын тастап шығуда ? сарапшы

ӘБУ-ДАБИ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – Сауд инвесторлары соңғы кездегі әлемдік қаржы дағдарысына байланысты табыс деңгейі төмендеуінен Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы өз капиталын алып шығуда.
None
None
Бұл туралы бүгін Жидда сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Халед әл-Мабид мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Халед әл-Мабидтің саудтық «Әл-Ватан» газетіне берген сұхбатында атап өткеніндей, Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай «әлі жоғары шегіне жетпегенімен, сауд инвесторлары үшін тартылымдылығын жоғалтты». «Саудтықтар бағаның төмендеуі салдарынан дер кезінде кеткенінің арқасында Дубайда елеулі шығынға ұшыраған жоқ», - деп атап өтті ол. Газеттің мәліметтеріне қарағанда, сауд инвесторлары арабтық мұнай өндіруші алпауыттар арасында дубайдың жылжымайтын мүлігіне инвестиция салуда бірінші орын алады. «Әл-Ватан» газетінің дубайлық нарық жөніндегі мамандандырылған агенттіктердің мәліметтеріне сілтеме жасап бағалауынша, Дубайдағы пәтерлер бағасы қазірдің өзінде 20 пайызға төмендеген және осы жылдың ішінде тағы да 15-30 пайызғға құлдырауы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар