Сауда министрі «мобильді 100 аударым» қағидаты туралы пікір білдірді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Сенат отырысынан кейін өткен брифингіде «мобильді 100 аударым қағидатының» тұтынушылардың құқығына әсері туралы пікір білдірді, деп Kazinform. 

Сауда министрі «мобильді 100 аударым» қағидаты туралы пікір білдірді
Фото: zhaikpress.kz

«Мобильді төлемдерді реттеудегі «100 аударым» қағидаты енгізілгеннен бері тұтынушылардан қанша шағым түсті? Жалпы бұл өзгеріс елдегі ішкі саудаға, тұтынушылардың құқығына қалай әсер етеді деп ойлайсыз», - деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, бүгінге дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне бұл мәселемен ешбір шағым түспеген.

«Ондай статистика қазір жоқ. Оны есептеу керек. Кейін қосымша жауап береміз. Өткен аптада менің атыма, бізге ондай мағынада арыздар түсті деген ақпарат жоқ. Ал өзгерістің әсерін айтсақ, бұл жаңа құрал емес. Мысалы, 2020 жылы еліміз бойынша 150 мың төлем терминалы болса, қазір миллионнан асты. 2020 жылы мобильді төлемдер 3 трлн теңге болса, қазіргі таңда 4 есе өсті. Яғни, сауда саласы QR-жүйеге дайын. Бұл саудаға кедергі жасайтын жүйе емес», - деді Сауда және интеграция министрі.

Kazinform оқырман назарына мобильді аударымдарды салық орбитасына шығару шараларының кімдерге қандай қатысы болатыны туралы шолу ұсынған болатын, мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар