Сауда орталығында 4 жасар қызды теуіп құлатқан: күдікті ретінде Түркия азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданында сауда орталығында 4 жасар қыз баланы ер адам теуіп ұшырған. Осы оқиға бойынша полицияға бүлдіршіннің анасы арыз түсіріп, күдікті ретінде 25 жастағы Түркия азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Аленов Фейсбуктегі парақшасында жұрттың наразылығын тудырған оқиғаға қатысты толық мәлімет берді.

«Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Қарасай ауданының Полиция бөліміне сауда, ойын-сауық орталығында оның 2019 жылғы қызына дене жарақатын келтірген белгісіз адамға қатысты шара қабылдау туралы 1996 жылғы К. есімді азаматша арызданды.

Дерек ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша аудандық полицияда тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен УҰИ-ға қамаққа алынды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай, өзге ақпарат жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар