Сауда саясатын дамыту орталығы және KOICA: ынтымақтастықты табысты дамыту

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде «Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға өту бағдарламасы және жалпы экономикаға ықпалы» атты бірлескен жоба ауқымында  Қазақстанға Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) сарапшылары делегациясының кезекті сапарының салтанатты ашылуы болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат  аталған ведомствоның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты, санитарлық  және фитосанитарлық  шараларды қолдану, ауыл шаруашылығы саудасы, мұнай және жерасты қазба байлықтары саласындағы қызметті сатып алу,  машина жасау индустриясы, сондай-ақ  Ақпараттық орталықтың институттық әлеуетін дамыту мәселелері  жөніндегі маңызды салаларға  бірлесіп зерттеу жүргізу болып табылады.

Мұның алдындағы кездесуде Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының атқарушылар командасы арасында қол қойылған хаттамаға сәйкес, қазақстандық тарапынан 18 ай мерзімде орындалатын  жобаны Сауда саясатын дамыту орталығы жүзеге асыратын болады.

Бүгінгі кездесудің қорытындысында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жанындағы  Сауда саясатын дамыту орталығы мен Корея Республикасының Сауда және инвестиция институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжат ауқымында тараптар  өз қызметтерін Қазақстан мен Кореяда бірлесе жылжытатын болады, өзара ақпараттық қолдау көрсетіп, сараптамалық тәжірибелерімен алмасады.

Соңғы жаңалықтар