Сауда министрлігі жалған ақпарат тарататын алаяқтардан сақ болуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК) алаяқтардың КТРМ қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, соның ішінде техникалық реттеу бойынша «Е-КТРМ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге көмек көрсету туралы жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілегенін хабарлады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК) алаяқтардың КТРМ қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, соның ішінде техникалық реттеу бойынша «Е-КТРМ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге көмек көрсету туралы жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілегенін хабарлайды.
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Министрлік ТРМК қызметкері ретінде өздерін таныстыратын алаяқтар Қазақстан Республикасы азаматтарын шатастырып, олардың жеке деректерін иемдену және ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында әрекет ететінін ескертті.

— Осыған байланысты ТРМК белгісіз «ТРМК қызметкерлерінен» келіп түскен қоңыраулар мен мессенджерлер арқылы хабарламаларға жауап бермей, әңгімені дереу тоқтатуға және алаяқтық әрекеттерге қатыспауға кеңес береді. Бұдан кейін құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, — делінген хабарламада.

Ведомстводан ТРМК қызметкерлері мемлекеттік қызметші ретінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық қызметтер ұсынбайтынын әрі азаматтардың жеке деректерін — жеке кабинетке кіру үшін логин/құпиясөздерді, SMS арқылы келетін кодтарды сұраматынын ескертті. Жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру арқылы алаяқтардың сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізу қаупі туындайтынына назар аударды.

«Е-КТРМ» ақпараттық жүйесінің жұмысына байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аталған жүйені сүйемелдейтін құрылымдық бөлімшесі — Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаментіне жүгіну ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Құқыққа қайшы контент» таратқандар жалған ақпарат тарату бабы бойынша жазаға тартылуы мүмкін екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар