Сәуір айында Атырауға қазақстандық және шетелдік мұнай-газ және құрылыс компаниялары келеді

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Осымен сегізінші жыл қатарынан Атырау сәуірдің басында көрмелер мен конференциялардың қаласына айналып келеді.
None
None
Биылғы жылы сәуірдің 7-сі мен 9-ы арасында «Атырау» спорт кешенінде мынадай екі: «Atyrau Oil & Gas 2009» мұнай-газ және «AtyrauBuild 2009» құрылыс көрмесі өтеді. Бір мезгілде «Атырау Реннесансы» қонақүйінде «OilTech Kazakhstan 2009» екі күндік конференциясы өтеді. Барлық осы үш іс-шараның ұйымдастырушысы «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы және оның Ұлыбритания мен Германиядан келген халықаралық әріптестері, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Iteca» ЖШС-ға сілтеме жасап. Мұнай-газ экспонаттарының ішінде мынадай: «КазМұнайГаз» Өндіру Барлау» АҚ, «Agip ККО» компаниясы, «Теңізшевройл» ЖШС, «КөмекМашинери», BTS/CORD International, Denholm Zholdas, Khazar Transfo, HSBC Қазақстан Банкі, Borkit International сияқты және басқа да көптеген ірі концерндер мен компаниялар бар. Көрме аясында сәуірдің 7-сі мен 8-і аралығында «OilTech Kazakhstan 2009» мұнай технологиялары бойынша конференция өтеді. «Atyrau Oil & Gas 2009» көрмесінің және «OilTech Kazakhstan 2009» конференциясының бас демеушісі ? Shell Kazakhstan компаниясы, демеушілері ? Agip ККО» компаниясы, «Теңізшевройл» ЖШС, GE Oil & Gas, HSBC Қазақстан Банкі, Lloyds Register компаниялары.
Соңғы жаңалықтар