Сәуір айында депозиттік салымдардың көлемі 22,8 пайызға өсті - Г.Марченко
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 3,3 пайызға немесе 5087,5 миллиард теңгеге дейін, жеке тұлғалардың салымдары 1,6 пайызға немесе 1963,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,1 пайызға немесе 2749,4 миллиард теңгеге дейін, ұлттық валютадағы депозиттер 2,6 пайызға немесе 4302,0 миллиард теңгеге дейін өскен. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2010 жылғы сәуірде наурызбен салыстырғанда іс жүзінде өзгермей, 61,0 пайызды құрады.
Халықтың банктердегі салымдары бір айда 2,1 пайызға немесе 2017,3 миллиард теңгеге дейін өскен. Бұлардың ішінде теңгедегі депозиттер 3,5 пайызға 1004,1 милиард теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 0,6 пайызға 1013,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайған.