Сәуірде банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 18,8 пайызға өсіп, 2777,7 миллиард теңгені құрады - Г.Марченко

АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірде банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 18,8 пайызға өсіп, 2777,7 миллиард теңгені құрады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұнымен орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттердің көлемі 755,9 миллиард теңгеге жетіп, (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 27, 4 пайызы) 77,5 пайызға өскен. Ал орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 8,8 миллиард АҚШ доллар болып, 0,4 пайызға жоғарылаған (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 47,7 пайызы). Еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі де 15,2 пайызға немесе 3,4 миллиард еуроға дейін ұлғайған (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 24,0 пайызы). Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттерінің көлемі сәуірде наурызбен салыстырғанда 2 есеге жуық өсіп, 721,6 миллиард теңгені құраған. Тұтастай алғанда, шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 72,6 пайызын құрап, жоғары деңгейде қалған.Ал резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі наурызда 5970,6 миллиард теңгеге немесе 1,8 пайызға төмендеген. Заңды тұлғалардың депозиттері 4383,3 миллиард теңгеге немесе 2,3 пайызға азайған. Жеке тұлғалардың депозиттері 1587,2 миллиард теңгеге дейін немесе 0,4 пайызға кеміген. Шетел валютасындағы депозиттер 2,8 пайызға, яғни 2846,4 миллиард теңгеге дейін, ал ұлттық валютадағы депозиттер 0,8 пайызға, яғни 3124,1 млрд. теңгеге дейін төмендеген. Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары наурыз айында 1614,1 миллиард теңгеге дейін азайған.
Соңғы жаңалықтар