Сәуірде күн ысып, су тасқыны орын алуы мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Сәуір айы еліміздің барлық аймақтарында күн жылы болып, жауын-шашын мөлшері аз болады,
None
None

деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.

Ауа температурасы бүкіл республика аумағында нормадан 1-2 градусқа жоғары болатындығы күтілуде. Синоптиктердің мәліметінше, оған оңтүстік-батыстан келетін жылы ауа массалары себеп.

Ал жаз айларында еліміздің батыс бөлігінде күн жылы болса, қалған аймақтарда мөлшер шамасында сақталады. Тек солтүстік-шығыс аймақтарда -1 градусқа салқынырақ болады. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде мөлшер шамасында түссе, оңтүстік пен солтүстік-шығыс аймақтарда жиі шығатын циклондардың әсерінен жаңбыр мол жауады.

Соңғы жаңалықтар