11:01, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Сәуірде тұтынушылық бағаларының индексі 101,1 пайызды құрады - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тұтынушылық бағалардың индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) сәуір айында 101,1 пайызды құрады,

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер 4,9 пайызға қымбаттады, соның ішінде сумен жабдықтау - 7,5, кәріз бен электр қуаты - 7, жылу беру - 8 пайызға.
Тағамдық емес туарлар бойынша бағалар өсімі 0,4 пайызды құраған, бірақ А-80 бензинінің бағасы 6,1, А-92 бағасы 5,7 пайызға өскен.
Азық-түлік тауарларының бағалары өзгермеді. Жармалар орташа алғанда 5,2 пайызға, күнбағыс майы 2,4 пайызға, көкөністер 2,6 пайызға арзандады. Бірақ темекі бағасы 2,4 пайызға қымбаттаған.