Сәуірдің 12-сі күні Астанадағы «Ақжайық» және «Әл Арқа» тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді жалға беру үшін құжаттарды қабылдау басталады

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы сәуір айының 12-сі күні Астана қаласында құрылыстары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы салынып біткен «Ақжайық» және «Әл Арқа» тұрғын үй кешендерінде, пәтерлерді жалға беру қағидаты бойынша үлестіру үшін азаматтардан құжаттарды қабылдау басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның тұрғын үйді жалға беру бағдарламасының басталуына орай бүгін қала әкімдігінде журналистерге арналған брифинг өтті.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Жылжымайтын мүлік қорының Басқарушы компаниясы «ЖМҚ менеджмент» ЖШС директоры Айсұлтан Ақшориннің айтуынша, «Ақжайық» тұрғын үй кешенінде сатып алу құқығысыз жалға берілетін пәтерлердің бір шаршы метрі - 1000 теңгені, жалға алу арқылы жекешелендіруге жататын үйлердің бір шаршы метрі - 1366 теңгені құрайтын болады. Мысалға, аталмыш нысанда жалға алу арқылы сатып алуға жататын жалпы ауданы 82 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер үшін ай сайынғы жалдау ақысы 112,3 мың теңгені құрамақ. Ал «Әл Арқа» ТК-де ауданы 78 шаршы метр екі бөлмелі пәтерді жалдау арқылы сатып алу үшін айына 80,7 мың теңгеден төлеу қажет. Ауданы 60 шаршы метрлік бөлмеге үміттенген үш адамнан құралған отбасының бір айлық орташа табысы 140 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

«Ақжайық» және «Әл Арқа» тұрғын үй кешендерінде пәтерлер мен коммерциялық орынжайларды алу үшін өтінімдерді қабылдау 2010 жылғы сәуірдің 12-сінде басталады және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.

Бастапқы екі нысанда жалға беру нарығына барлығы 236пәтер («Ақжайық» ТК-де - 140 -, «Әл Арқа» ТК - 96) тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар