Сәуірдің соңына қарай еліміздің оңтүстігінде 33 градусқа ысиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуір айының үшінші онкүндігінде Қазақстанның оңтүстігінде күн 33 градусқа дейін жылынады, деп болжайды «Қазгидромет» РМК мамандары.
None
None

«Айдың орташа температурасы Батыс Қазақстан облысында нормаға сәйкес, ал қалған аумақта нормадан 1...2°C жоғары болады деп күтілуде.

Айлық жауын-шашын мөлшері Батыс Қазақстан (18...24 мм қалыпты), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында таулы және тау маңындағы аудандарда нормаға сәйкес болса, ал қалған өңірлерде нормадан төмен деңгейде болады деп күтілуде», - деп хабарлайды синоптиктер.

Алдын ала болжам бойынша сәуірдің бірінші және екінші онкүндігінде ауа райы салқын болады деп болжанады: жауын-шашын арты көктайғаққа ұласады, түнгі уақыттарда ауа температурасы төмендеп отырады. Елдің батысында 0...5 градусқа дейін аяз, елдің солтүстігі мен орталығында 0...8 градусқа дейін аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 0...5 градусқа дейін жылы, шығыста 0...5 градусқа дейін салқын.

Айдың екінші жартысында - қалған күндері қысқа мерзімді найзағайлы жауын-шашынмен ауа температурасы біртіндеп жылына бастайды.

Температураның тұрақты көтерілуі үшінші онкүндікте орын алады: солтүстікте 20 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 33 градусқа дейін ысиды.

Соңғы жаңалықтар