Сауысқандық шатқалындағы петроглифтер қоршалып, қорғауға алынады

тарих
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысы әкімдігінің арнайы қаулысымен Шиелі ауданы Сауысқандық шатқалындағы петроглифтер кешенінің қорғау аймағы бекітілді. Алдағы уақытта вандализмді тоқтату үшін ескерткіш аумағы қоршалып, арнайы бақылауға алынады, деп хабарлайды Kazinform.

Сауысқандық шатқалы Шиелі ауданы аумағында орналасқан.

Тарихшылар петроглифтердің жай-күйіне алаңдап, оны қорғауға алу жөнінде ұсыныс білдірген еді.

Тұрғындар тарапынан тасқа қашалған тарихи ескерткішке жазу жазып бүлдіру әрекеті тіркеледі.

тарих
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Тарихшылар вандализмді тоқтату үшін ескерткіш аумағын қоршап, арнайы күзетші штатын бөлуді ұсынуда.

Қаратау жотасындағы Сауысқандық шатқалында қола дәуірінің, кейінгі ортағасырлық кезеңнің суреттері мен эпиграфикасы сақталған.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған топ аталған аумақта сенбілік ұйымдастырды.

нәлібаев
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Аталған шара барысында облыс әкімі тарихшылар ұсынысын шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

петроглиф
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

«Бұл ескерткіш – мыңжылдықтардан бүгінге жеткен тарихи құндылық. Сондықтан оны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

сауысқандық
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысы әкімдігінің арнайы қаулысымен жартастағы бейнелер кешенінің қорғау аймағы бекітілді.

Облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес шешімімен аталған орынды Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қолдау тапты.

петроглиф
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Нәтижесінде «Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені» ЮНЕСКО және ИСЕКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен ЮНЕСКО-ның алдын-ала республикалық тізбесіне енгізілген.

петроглиф
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар