Сәулетті Астана жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын келісім ордасына айналды - Мәжіліс депутаты В.Киянский

РАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Еліміздің жүрегі Астана санаулы жылдар ішінде әлемнің ең сәулетті қалаларының бірі ғана емес, жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын келісім ордасына да айналды. Мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз екені даусыз. Астанаға келген қонақтар оның
None
None

қарқынды дамуына, айрықша энергетикасына және ішкі үйлесімділігіне ерекше таңғалады. Елорданың қазіргі келбеті мен халықаралық диалог қалыптастырудағы геосаяси маңызы жайында ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Киянскиймен сұхбаттасқан еді.

- Виктор Владимирович, Астанаға алғаш табан тіреген жан қаланың ерекше кескін-келбетіне тамсана да таңдана қарайды. Елордада сізге керемет сезім сыйлайтын ғимарат бар ма?

- Биыл Парламенттің өзге де депутаттарымен бірге - Астана күніне қатысу бақытына ие болғаныма қуаныштымын. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде бірнеше маңызды нысан іске қосылды. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында аса сәулетті әрі ғажайып ғимарат - «Хан шатыр» кешені бой көтерді. Менің пайымдауымша, ашылуына көптеген мемлекеттердің басшылары мен ресми қонақтар қатысқан "Хан шатыр" алғашқы күннен-ақ маңызды геосаяси кездесу ордасына айналды. Егер зер сала қарасаңыз, осы "Хан шатырдың" орналасуының астарында терең мән-мағына жатыр. Бәйтерекпен және Ақ­ордамен желілес, үндес, тамырлас орын тепкен. Мұның өзі біздің мемлекетіміздің ұстанымы мен қағидаттарын айқындайды. Бәйтерек түрлі ұлттар мен ұлыстар бас қосқан алып шаңырақ пен бірлігі жарасқан үлкен отбасының символы болса, Ақ орда - ең алдымен халықтың мақсат-мүддесін көздеген билік, ал "Хан шатыр" - әлем елдерінің бірлігі, бір арнаға тоғысқан көзқарас пен ортақ міндеттің белгісі.

- Астана келбеті мемлекеттік саясаттың ұстанымын аңғартады деген пікірмен келісесіз бе?

- Астана - ХХІ ғасырдың қаласы. Дүние жүзінің ешбір елінде үшінші мыңжылдықта жаңадан іргетасы қаланған жас астана жоқ. Өзіндік келбетімен әлемге ашық екендігін және жаңалыққа құштарлығын паш етіп тұрғандай. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік пен келісім пирамидасын» Ақордамен жапсарлас, қатарлас орналастыру арқылы тұтас мемлекеттің ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімге деген ілтипат-құрметін танытты. Қазір кейбір сыртқы күштер бір кездердегідей капиталистік немесе социалистік қарым-қатынастың кереғарлығын қаузап, мемлекеттер арасында идеологиялық талас-тартыс тудыруды көздеп отырған жоқ, одан да қауіптірек діни фанатизмге, конфессияаралық араздыққа, ұлтаралық қақтығысқа басымдық беріп отыр. Бүгінгі таңда әлемде туындап жатқан дау-жанжалдың дені идеологиялық сипатта емес. Осындай күрделі кезеңде Елбасымыз са­лиқалы әрі сындарлы саясат ұстанды. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы - өзінің терең білімі мен мол тәжірибесінің арқасында әлемде орын алуы мүмкін күрделі құбылыстарды дәл болжап қана қоймай, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын сол құбылыстарға орай шебер қиюластыра білетін көреген басшы.

Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынас мәселесін естен шығаруға немесе кейінге шегере тұруға болмайды. Бұл - үнемі жіті көңіл бөлуді, жатпай-тұрмай еңбектенуді қажет ететін мәселе. Кезінде Қазақстанды халықтар достығының зертханасы деп атады. Біз қазір халықтар зертханасы емеспіз, біз қазір аяғынан нық тұрып, келешекке батыл қадам басқан және өз іс-әрекетімен өзгелерге үлгі болып отырған дамушы мемлекетпіз. Өзгелер бізді өзімен тең көреді, пікірімізбен санасады. Еуропа төрінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің өзі біраз жайтты аңғартады емес пе?!

- Астананың төрінде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың, аймақтық, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған өзге де халықаралық форумдардың ұйымдастырылуы және биылғы жыл соңында ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөнінде түпкілікті шешімнің қабылдануы оның еуразиялық идеясына байланысты даму философиясын айқындағаны ма?

- Дәл солай. Әдетте мұндай саясатты бейтарап мемлекеттер ұстанады. Әйтсе де, Қазақстан бұл ретте белсенділік танытып келеді. Бір ғана мысал, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. мемлекеттердің қатарында әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенімділік шараларын нығайтуға, лаңкестікке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трансшекаралық қылмыстарға тосқауыл қоюға, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақ­тастықты өрістетуге қатысты маңызды мәселелерді шешуге атсалысуда. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің 60 пайызын құрайды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшесі болып отыр дегенді білдіреді. Оған қоса біз ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ОДКБ) да мүшеміз. Міне, халықаралық аренада үлкен беделге ие ұйымдарға мүше болуымыздың өзі - мемлекетіміздің белсенділігі мен ашықтығының мысалы. Бұрын бейтарап саналып келген саясат қазір көп векторлы сипатқа ие болды. Көп векторлы саясатты ұстану арқылы біз мемлекеттің сыртқы және ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, тұрақты дамудан да ажырамаймыз. Белсенді саясат пен сауатты құрылған экономика бізді сүріндірмейді, керісінше өрге сүйрейді. Президентіміз Н.Назарбаев сан-салалы жолдар мен нұсқалардың ішінен әрқашанда бейбітшілікті, тыныштықты таңдайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қалыптасқан ұстанымы осы. Сонау 1994 жылы Еуразиялық одақ құруды ұсынған кезде оның болашағына сенгендер көп болмады, тіпті интеграция ұғымының өзі әр елде әртүрлі қабылданды. Бірақ санаулы уақыттан соң бұл бағыттың дұрыстығына көз жеткіздік. Мысалы, жуырда құрылған Кедендік одақ Еуразиялық одақтың алғашқы сатысы іспетті. Тоқырау жылдарындағы қиыншылыққа қарамастан, Елбасы қазақстандық жастарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға жіберу туралы бастама көтерді. Ашықтық пен әріптестік бағыт ұстанды. Қазақ жастарының өзгелерден ілім-білім үйреніп, түрлі салаларда тәжірибе алуына жағдай туғызды. Халықаралық ұйымдар аясында әскери салада байланыс орнаттық. Міне, осы қадамдардың барлығы да Қазақстанның әлемдік саясат сахнасында өзіндік орнын алуына оң әсер етті. 16 миллионнан аса халық мекен етсе де, қазір Қазақстан санмен емес, жоғары сапа деңгейімен дүние жүзіне танылып отыр.

- Келесі онжылдықтағы Астананы қалай елестетесіз?

- Келер онжылдықта Аста­намыздың әлемнің инновацияланған қалаларының біріне айналғанын қалаймын. Елордамыздағы Назарбаев университетінің еліміздің инновациялық дамуының шешуші элементіне айналарына сенім мол. Аталмыш білім ордасы қазірдің өзінде сыртқы келбеті жағынан да, ішкі мән-мазмұны тұрғысынан да халықаралық стандарттардың ең жоғары талаптарына жауап береді.

Соңғы жаңалықтар