Сауранда су тасқынына байланысты мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сауран ауданында көшелерді тасқын су басқандықтан мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге 7 мектептің оқушылары онлайн оқуға көшкен.

Оқушылар жолдар ашылып, су тасқыны тоқтап, жағдай тұрақталғанға дейін қашықтан оқыту форматында білім алады.

Қазір ауданда тасқын судың арнасын бұру, аулалар мен көшелерді судан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл бағытта төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкер, 10 техника, 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты ТЖД жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарлама түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылып жатыр.

Айта кетейік, таңертең жауға нөсер мен қардың еруі салдарынан Түркістан облысындағы Сауран ауданында бірнеше елді мекенді су басқан болатын.


Соңғы жаңалықтар
telegram