Саясаттанушы Р. Жұмалы: Қазақстан біртұтас ұлт идеясында эмигранттар мемлекеті - АҚШ-қа жүгінбеуі тиіс

АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан біртұтас ұлт идеясында АҚШ тәжірибесіне жүгінбеуі керек.
None
None

Бұл туралы кеше Алматыда «Біртұтас ұлт идеясы» атты тақырыппен өткен «Алдаспан» ашық пікірсайыс алаңының екінші отырысында сөз болды.

«Қазақстан қазір біртұтас ұлт идеясында АҚШ тәжірибесіне көп жүгінуде. Қазақстан байырғы қазақ жерінде қалыптасқан мемлекет. АҚШ эмигранттардың мемлекеті. Онда сырттан келгендер жергілікті халықты қырып-жойып, өз үстемдігін құрған. Сондықтан бұл екі елдің әлеуметтік-қоғамдық құрылымы бір-бірінен мүлде бөлек», - дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары өмірге келген жаңа буынның мемлекетттік тілге қатысты талабы күшейіп келеді. Ол қатқылданып, күрделене түсуде. Билік жастардың оны қызбалықпен шешуіне жеткізбеуі керек. Жалпы ұлтты ұйытатын құндылық - тіл мен мәдениет.

Соңғы жаңалықтар