Саяси қуғын-сүргін және ашаршы­лық құрбандары әрқашан біздің жадымызда - Мемлекет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шараларға қатысушыларға үндеу
None
None

жолдады. Үндеу мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. «Қазақстанда 31 мамырда менің 1997 жылғы Жарлығыммен бекітілген Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келе жатқанына 17 жыл болды.

Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді.

Қазақ халқының көрнекті перзенттері - Шәкәрім Құдайбердиев, Ах­мет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Май­лин жә­не басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды.

Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, чешен, түрік, грек және басқа да халықтар өкілдері көтерді. Зұлмат заманға қарамастан, барынан айырылған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды.

Бүгінгі іс-шаралардың қоғамдық келісімнің айрықша институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында өтіп жатуының терең мәні бар.

Татулық, бірлік және тұрақтылық - бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының маңызды принциптері және «2050» Стратегиясының биік мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты.

Бұл мәңгілік құндылықтар еліміздің өркендеуінің сенімді негізі болып табылады.

Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршы­лық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз», - делінген Елбасы үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар