19:59, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар дағдарысқа қарсы бірігуде ? ОҚО
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Саяси партиялардың 10 облыстық филиалының төрағалары бүгін қоғамдық келісім туралы меморандумға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның өзекті мәселелерін тараптар облыстық қоғамдық форумның жұмысы барысында талқылады. Оған сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. Құжаттың мәнін форумның: «Экономиканы тұрақтандыру және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы дүниежүзілік қаржылық дағдарыс кезеңінде бір мақсат үшін жұмылу» деп аталатын тақырыбының өзі көрсетеді. Президент, Үкімет және жергілікті билік облыс тұрғындарына дағдарыстың ықпалын барынша азайту үшін іс-шараларды қолданып отыр. Жұмыс орындарын қысқартпау, әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығы, негізгі азық-түліктер мен тауарларға деген бағаның өсуіне жол бермеу ? өңірдің саяси және қоғамдық күштері жұмыс істеуге әзірлік танытып отырған бағыттар осылар.Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның барлық қоғамдық бірлестіктері мен саяси партияларына қаржылық дағдарыс уақытында бірігуге және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырған үндеу қабылдады.