Саяси партиялардың облыстық филиалдарының жетекшілері Елбасы бастамашылығына қолдау білдірді

АҚТӨБЕ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Саяси партиялардың облыстық филиалдарының жетекшілері саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық пен рухани келісімді сақтауға күш-жігерлерді жұмылдыру туралы Елбасы бастамашылығына қолдау білдіріп,
None
None
тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстқық ішкі саясат департаментінен хабарлағанындай, бүгінгідей жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында барша қазақстандықтарды жұмылдыру туралы Елбасы бастамасы Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік проблемалардың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңес мәжілісіне арқау болды. Саяси партия филиалдарының басшылары экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру және орын алып отырған мәселелерді заңды әдістермен шешу үшін күш-жігер біріктіру қажет деп шешті. Партия өкілдері бірін-бірі әлеуметтік-экономикалық және қаржылық проблемаларды саяси мақсатта пайдаланудан және әлеуметтік орнықтылық пен келісімді ыдыратуға бағытталған радикалды әрекеттерден бас тартуға шақырды.
Соңғы жаңалықтар