Саяси партиялардың сайлау қорына 519 млн. 132 мың теңге түсті - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық саяси партияның сайлау қорына 519 млн. 132 мың теңге түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеулеріне, жария сайлауалды шаралар жүргізуіне, сонымен қатар көліктік және іссапар шығыстары сайлау қоры қаржысынан ғана төленуі тиіс.

«Бүгінгі күні сайлауға қатысатын 6 саяси партияның сайлау қорына 519 млн. 132 мың теңге түсті. Саяси партиялардың үгіт-насихат шараларының барлығы осы қаржы есебінен жүргізілуі қажет», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

«Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдікті шарттармен тауарлар, қызметтер құнды қағаздар ұсынуға, ақша беруге немесе оны беретіндігіне уәде етуге, сонымен қатар лотерея мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға болмайды», - деп қосты ҚР ОСК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар