17:40, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Саяжайда марихуана шөбін өсірумен айналысқан азамат ұсталды
АҚТАУ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтау қаласының сыртындағы саяжайда марихуана шөбін өсірумен айналысқан азамат ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу кезінде Маңғыстау облысы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктер өсіп тұрған саяжайды анықтады.
МО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, саяжай иесі Ақтау қаласының тұрғыны, 44 жастағы азамат екені белгілі болды.
Аталған саяжайдан жалпы cалмағы 173,963 киләні құрайтын 111 түп марихуана шөбі тәркіленген.