САЙЛАУ-2015: Кандидат Н. Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы қаласына сапарының екінші күнінде зиялы қауым, ғылым және шығармашылық өкілдерімен, ардагерлер ұйымдарының және патриоттық клубтардың өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-на барды.
None
None

Алматылық зиялы қауым өкілдері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне мақтанады. Көрнекті ғалымдар, жазушылар, суретшілер және режиссерлердің айтуынша, Елбасының басшылығымен біздің еліміз үлкен экономикалық табыстарға қол жеткізумен қатар, өзінің рухани құндылықтарын - халықтар арасындағы достықты, төзімділікті, бейбітшілік пен келісімді сақтап қала білді.

«Барлық ғылыми қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын қолдайды», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов өз кезегінде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында тек соңғы бес жылда отандық ғылымды қаржыландыру көлемі екі есеге артқанына тоқталды. Сонымен бірге мемлекеттің білім беру саласына жұмсайтын шығындары едәуір көбейген. «Нәтижесінде осы саладағы даму индексі бойынша Қазақстан әлемдегі көшбасшы елдер қатарына кіреді», - деп атап өтті Т.Есполов.

Кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин де сөз алды. Оның пікірінше, қазіргі кезді шығармашыл адамдардың алтын дәуірі деуге болады. Өйткені олар дана көшбасшысы мен бірлігі жарасқан халқы бар жас, жоғары қарқынмен өсіп-өркендеп келе жатқан күшті мемлекетті өз көзімен көріп, шығармаларына арқау ете алады.

Қазақстандық академик Сұлтан Сартаев ел аралап жиі шығатынын және барлық өңірлерде құрылыс крандарын көретінін жеткізді. Ғалымның айтуынша, бұл президенттің сарабдал саясатының басты нәтижелерінің бірі. Елбасы Қазақстанды аймақтың жетекші державаларының қатарына шығарды.

Атақты әнші Әлібек Дінішев Нұрсұлтан Назарбаев отандық мәдениет пен өнерді дамытуға көп еңбек сіңіргенін атап өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып жатқан жаңа театрлар оның бұл сөзіне дәлел болып табылады.

РҚШ мүшелерінің келесі болған жері - «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қызметкерлерімен кездесу болды. 2011 жылдан бері осы арнайы экономикалық аймақ қатысушылары - 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен 150 инновациялық кәсіпорын. Өткен жылы өндірілген өнім 10,5 млрд. теңгені құрады, ал салық аударылымдарының көлемі - 2,4 млрд. теңгеге жетті.

Жас жаңашылдар қазақстандық ғалым-жасаушылардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновациялық технологиялар паркін құрғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқаратын жас ғалым Дамир Шынабеков Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың экономикасына берік негіз қалады, деп мәлім етті. «Ақпараттық технологиялар паркі», жаңа ұрпақ ғылыми зертханалары желісі, «Назарбаев университеті», Назарбаев зияткерлік мектептері - бұлардың бәрі біздің елді табысты инновациялық мемлекетке шығаратын серпінді жобалар, Ұлт көшбасшысының бел балалары», - деп атап көрсетті Дамир Шынабеков.

Жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкер Эдуард Огай инновациялық технологиялар паркінің арқасында өзінің жеке ісін ашты. Ол жоғары технологиялы жабдықтар жасаумен айналысады және қазірдің өзінде алғашқы табысқа кенеле бастады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын жеткізді.

Алматыға сапары барысында Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері қаланың ардагерлер ұйымдары мен патриоттық клубтардың, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен кездесті. Олар Ұлт Көшбасшысына дауыс бере отырып, алматылықтар гүлдену, бірлік, бейбітшілік және келісім үшін дауыс беретіндіктері туралы мәлімдеп, алдағы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар