САЙЛАУ-2015: Кандидат Т.Сыздықов Астана ЖЭО қызметкерлерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласы ЖЭО қызметкерлерімен кездесу өткізді.
None
None

Кездесуге сондай-ақ сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров қатысты.

Тұрғын Сыздықов өз сөзінде кездесуге қатысушыларды өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі принциптері туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, ол ХІХ ғасырда ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс пен Фридрих Энгельс тарихи тәжірибеге сүйене отырып, қоғам дамуының объективті заңдарын шығарды, адамзат қоғамының жаңа коммунистік формацияға өтуінің болмай қоймайтынын теориялық жағынан көрсетіп берді, деп атап өтті.

«Біз ғылыми коммунизм идеяларын сақтауда үлкен қадам жасадық. Дамудың көп кезеңдік жолынан өттік. Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны төрешілдендіруге қарсы тұру, даму үрдістерін болжамдау, өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде ден қоюдың тұрақты тетіктері жұмыс жасайды. Мұның бәрі өмірдің аса қажетті мұқтаждарынан туындайды, бұқараның жанды шығармашылығына арқа сүйейді», - делінген кандидат Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Сондай-ақ сайлауалды тұғырнамада батыс мәдениеті мен құндылықтарының келеңсіз ықпалы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.

«Жаһандық компьютерлендіру және әсіресе батыстық электрондық БАҚ қоғамдық сананы арбайды, адамдар арасында іріткі салу үшін индивидуализмді пайдаланады, бұл ғаламшардың мәдени жігіің іргелі эрозиясына әкеп соқтырады. Еуропалық елдердегі тұтыну қоғамының құрылымдары қалыптастырған батыс мәдениетінің дағдарысы, батыс өркениетінің әмбебап құндылықтарды жеке өздері өндіруі және әлеуметтік өмір нормалары бір-бірімен терең қайшылыққа түсуде. Батыстың кемшіліктері әсіресе нақ мәдени салада көрініс тауып отырғаны сөзсіз. Өйткені тұтыну әлеуметтік феномен ретінде материалдық мүдделерін қанағаттандыруды көздейтін құндылықтар мен идеяларға негізделген», - деді Тұрғын Сыздықов.

Кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында кинеематографтың батыстық стандарттарының келеңсіз ықпалы мәселелері де көтерілген.

«Кинематографтың батыстық стандарттары зорлық-зомбылық пен азғындыққа негізделген. Онда жағымсыз кейіпкерді күшті етіп көрсету қалыпты жағдай. Батыс кинематографы зорлыққа деген құлшынысты эстетикалық кеңістікке шығарып отыр. Батыс мәдениетінің бұл «жетістігі» батыстық өркениеттің бағытына кері әсер етуде. Әдебиет саласында да дәл осындай жағдай қалыптасқан. Әдебиет жетекші рөлден айырылып, кинематографтың ықпалымен зорлық пен әрекетсіздікті насихаттауға көшкен», - делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.

Кездесу соңында штаб басшысы А. Қоңыров қатысушыларға жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары жөнінде айтып берді.

«Біздің штабта сенімді өкілдер айқындалды. Олар барлық ақпараттық жұмысты жүргізетін болады. Біздің егжей-тегжейлі жұмыс жоспарымыз бар. Бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.

Штабымыз БАҚ-пен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, біз бұқаралық ақпарат құралдарына қашан да ашықпыз. Біз кандидатымыздың қызметі мен оның сайлауалды тұғырнамасы жөнінде барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз», - деді А. Қоңыров.

Соңғы жаңалықтар