САЙЛАУ-2015: Көкшетауда Т.Сыздықов студенттер мен «Көкшетау минералды сулары» ЖШС жұмысшыларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов үгіт-насихат науқаны аясында Көкшетау қаласында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады ҚКХП ОК баспасөз қызметінен.
None
None

Алғашқы кездесу «Көкше» Академиясында өтіп, кандидат студент қауыммен кездесті. Кездесуге ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Мәжитов модераторлық етті. Т.Сыздықов өз сөзінде жастарға батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалы туралы айтып берді. «Голливудтік фильмдер мен батыстық компьютерлік ойындар зорлық-зомбылыққа толы. Батыстық мода күнделікті киіп жүрген киімдердің еліктер үлгісі болудан қалды. Бүгінде батыстық мәдениеттің негізінде не жатыр - зорлық-зомбылық пен өңшең адамгершілікке жат қылықтар, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға деген құлшыныс жоқ. Батыстық тамақтану жүйесі, фаст-фуд тұтыну адамдардың денсаулығын қауіпке тігіп отыр. Бұл жүйе аз шығынмен мол табыс табуды ғана мақсат тұтады. Зиянды азық-түлікті тұтынудың салдарынан түрлі ауру-сырқаулар өршіп отыр. Дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен семіздікке, ақыл-естің ауытқуы сынды түрлі дерттерге шалдыққан елдер рейтингінде Батыс мемлекеттері алда келеді», - деп атап өтті Т.Сыздықов. Сондай-ақ, Т.Сыздықов сапары барысында «Көкшетау минералды сулары» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Іс-шараны ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б. Мәжитов ашты. «Барлық компьютер ойындарында балалардың санасына терең бойлап, агрессия тудыратын вирустар бар. Батыстан ескен зорлық-зомбылыққа негізделген насихат адамды ақыл-естен, парасаттан айырады. Шетелдік киім-кешек, музыка, фильмдер мен сериалдар жастарды «дұғалап» қойғандай. Батыстық өмір сүру салтының кесірінен бала туу деңгейі төмендеп, жастар жауапкершіліктен қашуда. Тіпті, Батыстағы мультфильмдердің кейіпкерлері бір-бірін балағаттап, қырып-жойып жатады. Мұның бәрі жоғарыда атап өткен күрделі мәселелердің бірден-бір себебіне айналды. Дәл осындай батыстық өнімдер балаларымызды қатыгездікке, арсыздыққа тәрбиелеуде. Голливудтік стандарттардың бәрі тек табыс табуға негізделген. Соның салдарынан Батыста адамдар бір-бірімен араласудан қалды», - деді Т.Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар