САЙЛАУ-2015: ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері ел өңірлерінде үгіт-насихат жұмыстарын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізу үшін жолға шықты. Осы орайда насихат тобының ең алдымен Қарағанды облысына ат басын бұруы бекер емес. Себебі Ұлт Көшбасшысының еңбек жолы дәл осы жерден бастау алған болатын.
None
None

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Патриоттар Партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, Мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Асқар Базарбаев, Мұхтар Тінікеев пен Серікжан Қанаев, Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және тағы да басқа танымал қазақстандықтар бар.

Еліміздің өндіріс орталығында өңір белсенділерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кеншілерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Қарағандылықтар үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдірді. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өңірдегі қоғам қайраткері Татьяна Савицкая еліміздегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз еткені үшін барлық қазақстандық әйелдер қауымының атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығын жеткізді.

Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі атап өткендей, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ұлы өзгерістерге қарай қадам басқалы тұр.

Кездесулерге мыңдаған қарағандылық қатысты. Өз сөздерінде олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Халық мемлекетімізді мықты көшбасшы басқарғанын қалайды. Сол себепті Орталық Қазақстанның тұрғындары бірауыздан 2015 жылы 26 сәуірде республикамыздың гүлденуі үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар