Сайлау-2019: Ақмола облысында қолөнерден шеберлік-сынып өткізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелді қолдауға арналған қолөнерден шеберлік-сынып өткізілді.

Сайлау-2019: Ақмола облысында қолөнерден шеберлік-сынып өткізілді

Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ақмола облысында өткен «Ұлы Дала қырандары» қозғалысы атынан ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелді қолдауға арналған шеберлік-сыныбының мақсаты - атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазынамыз, қол өнерімізді дамыту. Аталмыш шеберлік-сыныпқа қолөнерге қызығушылық танытатын жастар келіп қатысып, қолөнерші Ержан Кәрімханның қолөнер бұйымдарын тамашалап, жасалу әдіс-тәсілдерін үйренді», делінген хабарламада.

Ағаштан түйін түйетін шебер Ержан Кәрімхан мен іс-шараға қатысқан жастың бірі Самат Хабдұлмұрат өз ойларын білдірді.