Сайлау – 2021: Дауыс беру учаскесін қалай анықтауға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Асқар Таксимов қала тұрғындарының өзінің сайлау учаскесі туралы қалай мәлімет алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біріншіден, қала әкімдігінің astana.gov.kz порталының басты бетінде «Өз сайлау учаскеңді тап» банері бойынша анықтауға болады» - деді А. Таксимов елорда әкімдігі баспасөз орталығындағы брифингіде.

Екіншіден, 109 телефоны арқылы 24/7 режимінде iKomek бірыңғай байланыс орталығынан білуге болады. Операторлар телефон қоңырауларына жауап береді, iKomek мессенджерлері арқылы өтінімдерді қабылдайды. Telegram -да @nursultanikomek109_bot чат-боты жұмыс істейді; «iKOMEK109» мобильді қосымшасы (Play Store / App Store); Facebook: @ikomek109; электронды пошта пошта: 109@ikomekastana.kz; Instagram: @ikomek109.

Үшіншіден, Smart Astana мобильді қосымшасы (Android және iOS платформаларында) арқылы қолжетімді.

Төртіншіден, @smartastana_bot Telegram чат-боты арқылы тексеруге болады.

Оның айтуынша, онлайн режимде сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың орналасқан жері мен атауын алуға болады. Сонымен қатар жақында сайлау учаскелеріне жақын орналасқан аялдамалар мен қызмет көрсететін маршруттардың нөмірлері туралы ақпарат қолжетімді болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында 354 сайлау учаскесі бар: 5 аумақтық және 349 учаскелік.


Соңғы жаңалықтар