16:36, 05 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Сайлау «Единая Россияның» елдің қоғамдық-саяси өміріндегі жетекші рөлінің жарқын дәлеліне айналды - Елбасы РФ Үкіметінің басшысын құттықтады
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Владимир Путинге «Единая Россия» партиясының Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сайлаудағы сенімді жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Сайлау «Единая Россияның» елдің қоғамдық-саяси өміріндегі жетекші рөлінің жарқын дәлеліне айналды. «Единая Россия» партиясы Ресей Федерациясының белгіленген әлеуметтік-экономикалық реформалар жолы бойынша одан әрі қарқынды алға жылжуын қамтамасыз ете алады деп сенемін. Біз қазақстан-ресей ынтымақтастығын дамытудағы, біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайтудағы Сіздің жеке үлесіңізді Қазақстанда жоғары бағалаймыз», - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге зор денсаулық, жан сергектігін, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде одан әрі табыстар тілеген.