Сайлау науқаны барысында азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан 44 арыз-шағым түсті - Бас прокуратура

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сайлау науқанының бүгінгі дейінгі кезеңі барысында мемлекеттік органдарға азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлауға қатысты 44 арыз-шағым келіп түсті.
None
None

Оның 23-і прокуратура органдарына бағытталса, 21-і сайлау комиссияларына жолданған. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен баспасөз мәслихатында Бас прокурор орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

А. Кравченконың айтуынша, мәслихаттар сайлауына қатысты 60 арыз-шағым түскен. Оның 41-і - прокуратура органдарына, 18-і - сайлау комиссияларына, 1-еуі - мәслихаттарға.

«Жалпы келіп түскен 104 шағымның 27-ісі сайлау заңнамасын түсіндіру жөнінде, 13-і лауазымды тұлғалардың әрекетіне (партиялық тізімге енгізбеу, полиция қызметкерлерінің әрекеті), 11-і сайлау комиссияларының шешімі мен әрекеттеріне, 13-і сайлауалды үгітті жүргізу тәртібінің бұзылғандығына, 15-і кандидаттарды ұсынуға келіспеуге қатысты болып табылады», - деді А. Кравченко.

Оның айтуынша, Бас прокуратураның үйлестіру рөлі бойынша құқық қорғау органдарымен алдағы сайлаудың барлық кезеңдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені қабылданған. «Бас прокуратурада сайлау заңнамасының қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб құрылды», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Соңғы жаңалықтар