Сайлау науқаны қалай ұйымдастырылатынын айту әзірге ерте - Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау науқанына қатысты шешімді Мемлекет басшысы өзі қабылдайды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау науқаны қалай ұйымдастырылатынын айту әзірге ерте - Мәулен Әшімбаев
«2019 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алдындағы штабын басқарған едім. Ол кезде Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болдым. Қазір бұл партия AMANAT деп аталады. Сол кезде партия Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде ұсынды», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, осы жолы сайлау науқаны қалай ұйымдастырылатынын айту әзірге ерте.

«Барлық шешімді Мемлекет басшысы өзі қабылдайды. Президенттік сайлаудың ресми мәлімдемесі жарияланбады. Бізде мерзім мен күнтізбелік жоспар да жоқ. Сондықтан қазір қандай да бір жормалды айтуға ерте деп ойлаймын. Жалпы, бұл жағдайға қатысты Мемлекет басшысы өзі шешім жасайды», - деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы алдағы сайлауда Парламентке, Үкіметке жаңа адамдардың келуіне мүмкіндік болатынын айтты.

Оның пайымынша, 7 жылдық президенттік мандат сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыруға, халыққа берген уәдені орындауға жеткілікті.