Сайлау өтетін күні 339 бақылаушы жұмыс істейді - Қызылорда облысы (ФОТО)

- Штаб құрамында 5 адам жұмыс атқарады. Ал облыстағы 350 сайлау учаскесіне 339 бақылаушы бекітілген. Негізі қажеттісі 325 болғанымен, басқалары қалған жабық учаскелерге бөлінді, - деді Мақсұт Досжанов.
Бұған дейін штабтың ұйымдастыруымен аудандар мен Қызылорда қаласында бақылаушыларға арналған оқыту семинарлары өтті. Ендігі міндет - 20 наурызда сайлау учаскелеріне барып, саяси науқанның ашық, таза, әділ, заң шеңберінде өтуін қамтамасыз ету. Сайлау күні тәртіп сақшылары да күшейтілген жұмыс кестесіне көшеді. Брифингте облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Әмірбек Шаймағамбетов мәлімдегендей, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп басты назарда болады.
- Сайлау науқанына орынсыз араласу, арнайы заң талаптарын бұзу деректерінің алдын алу бағытында полицейлер арасында үгіт жұмыстары жүргізілді, - деді ол.