Сайлауалды бағдарламада елімізді дамытудың жаңа экономикалық үлгісі жасалды - депутат

Сайлауалды бағдарлама
Фото: assembly.kz

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы пікір білдірді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында экономикада адал және нақты ереже бекітті. Мемлекет, атап айтқанда, салықтық, бюджет, ақша-кредит және тарифтік саясатты теңгерімді және ашық жүргізеді, ішкі өндірісті және шикізаттық емес экспортты ынталандырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған бірінші жылда сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде іргелі дайындық жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері мемлекеттік органдардың жоспарларымен үйлестірілді, оны іске асыру үшін заңнамалық негіз жасалды.

Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында республиканы дамытудың жаңа экономикалық үлгісіне көшуді белгілеп, онда монополистердің жосықсыз іс-қимылы алынып тасталды.

2022-2023 жылдары 41,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Өнеркәсіп салаларының орта және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруге қажетті базалық материалдардың қажеттілігіне талдау жүргізілді.

Отандық өндірушілер мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңына түзетулер әзірленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қолжетімді бағадағы шикізатпен толық қуатында қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауарларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып саналатын Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді.

Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданды:

- 14 ірі акционерлік қоғам мен ЖШС-дегі акциялар пакеті және қатысу үлесі;

- 7 ғимарат, 162 теміржол және құрылыс;

- автомобильдер, ақша қаражаттары және басқа мүлік.

Президенттің экономикалық және саяси реформаларының қисынды жалғасы болған «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң қабылданды. Оның нормалары әкімшілік-билік ресурстарына ие болған немесе осындай қолдауды пайдалана алатын олигополия субъектілеріне қатысты қолданылады. Сонымен қатар адал инвесторлардың мүдделері толығымен қорғалатын болады.

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамында белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері бар.

Бүгінгі таңда мемлекетке шамамен 1 трлн теңге сомасындағы активтер қайтарылды. Оның шамамен около 600 млн-басқа юрисдикциядан қайтарылған активтер. Мысалы, БАӘ – ден шамамен 15 миллион доллар, Аустриядан – 82 миллион доллар, Лихтенштейннен – 260 миллион доллар, Гонконгтан – 2 миллион доллар қайтарылды.

Фискалдық саясатты қайта қарауға баса назар аударылып отыр. Жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленуде. Жұмыс тобына сарапшылардан, экономистерден және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 1 мыңға жуық ұсыныс түсті.

Сонымен қатар «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселелері пысықталуда. Мемлекет басшысы мұндай мүмкіндікті қарастыру қажеттігі туралы Қазақстан халқына Жолдауында жария етті.

Көлеңкелі экономиканың үлесін 2025 жылға қарай ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жеткізе отырып, ЖІӨ-ге 15%-ға дейін төмендету қажет. 2022 жылы елдегі мемлекеттен жасырылған экономикалық қызмет көрсеткіші ЖІӨ-ге шамамен 18,7%-ды құрады (жоспар бойынша 19,9%). Президенттің сайлауалды бағдарламасында көзделген мақсаттарды орындау үшін көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары өзектендірілді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлерді көлеңкелі сектордан шығару үшін қолайлы бизнес-орта жасалуда.

«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң қабылданды. Оның аясында борышкерлер үшін соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері көзделген.

Соттан тыс банкроттықты банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша мынадай шарттарда қолдануға болады: борыш 1,6 мың АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге); борыш 12 ай ішінде өтелмейді; мүлік жоқ; банкпен реттеу рәсімі жүргізілді. Сот банкроттығы рәсімін 1,6 мың АЕК астам борыштар бойынша және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдануға болады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды төлеуге 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы – одан кейін адам «банкрот» мәртебесін ала алмайды, сондықтан оған тиісті салдарлар қолданылмайды (5 жыл ішінде банктерден және МҚҰ-дан несие ала алмайсыз, 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттықтан өтуге болады, қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін 3 жылдан кейін тексеріледі). Бүгінгі таңда берешек сомасы 11,3 млрд теңгеден асатын 7,1 мың азамат банкрот деп танылды.

Тариф белгілеудің барлық процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделген тарифтік реформа басталды. Табиғи монополиялар саласын реттеудің әрбір кезеңі «Монополист» базасында цифрландырылған. Кәсіпорындардың сатып алулары да электрондық форматқа ауыстырылды.

Қазақстандық тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалану жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып бақыланады. Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылған болса, олар үшін уақытша өтемақы тарифтері енгізіледі, ал табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Ұлттық қор - балаларға» жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Осы күннен бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балалар арасында бөлінеді;
Биыл 1 наурыздан бастап жас кәсіпкерлер үшін жылдық 2,5%-бен шағын несие беру көзделген. Қазірдің өзінде 24 млрд. теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам шағын несие мақұлданды;

2023 жылы Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, мемлекет меншігіне 8 млн. га пайдаланылмаған жер қайтарылды;

2023 жылы «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға 5,4 млрд. теңге бөлінді.

ҚР Әлеуметтік кодексі қабылданды және күшіне енді, отбасының цифрлық картасы енгізілді (әртүрлі сатыларға жүгінудің қажеттілігінсіз проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді), «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесі енгізілді;

Бала күтімі бойынша жәрдемақыларды төлеу кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды; жұмысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшерін табыстың 45% - на дейін ұлғайту; халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант (400 АЕК-ке дейін) бөлу және т. б.;

Бірқатар бағдарламалық құжат әзірленді және қабылданды: Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, Мемлекеттік жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы; Елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

Ұлттық құрылтай құрылып, жалпыұлттық референдумдар өткізу тәжірибесі жаңартылды. Президенттік сайлау елдегі саяси өзгерістерді іске қосты, оның қорытындысы бойынша Парламенттің екі Палатасы да, мәслихаттар да қайта сайланып, жаңартылды, алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдер сайлауы өткізілді.

Бірінші жылы жақсы қарқын алды деп айтуға болады. Мемлекет оны сақтауы керек, қоғам – мемлекетке көмектесуі керек. 

Соңғы жаңалықтар