Сайлаубек Боранбаев: Әр сайлау туған күнімдей әсер қалдырады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық Сайлаубек Боранбаевқа әр сайлау ерекше әсер етеді. Өйткені оның есімінің қойылуы маңызды науқанмен тікелей байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сайлаубек 2008 жылдан бері әртүрлі сайлау науқандарында тұрақты түрде дауыс беріп келеді. Ол үшін елімізде өтетін әр сайлау – ерекше күн. Себебі оның есімі маңызды науқанмен тікелей байланысты. Сайлаубек дүниеге келген 1984 жылдың 4 наурызында КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттар сайланған. Елде өткен үлкен саяси шараның құрметіне орай атасы немересіне Сайлаубек есімін берген екен.

«Сайлаудан көп жақсылық күтеміз. Мен сияқты Сайлаубектер мен Сайлаугүлдер дүниеге келіп, халқымыздың саны көбейе берсін. Мен де отбасыммен дауысымды бергелі отырмын. Өйткені дұрыс таңдалған кандидат – бүкіл елдің болашағының кепілі. Сондықтан ертеңгі жарқын өміріміз үшін таңдау жасауымыз керек», - дейді Сайлаубек Боранбаев.

Сайлаубек Боранбаев бүгінде Мұнайлы аудандық білім бөлімінде бас есепші болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы және 243 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Ақтау қаласында 83 сайлау учаскесі орналасқан. Өңірдегі электорат саны – 411 103 адам. Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 5 дауыс беру учаскесі ашылды.
Соңғы жаңалықтар