01:38, 24 Мамыр 2024 | GMT +5
Сайрам ауданында жасөспірімнің өлі денесі табылды
ТҮРКІСТАН.KAZINFORM — Бірнеше күн бойы үйіне келмеген ұлдың жағдайына алаңдаған туыстары полиция шағымданған.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
«Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылғанын жазған болатынбыз. Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен.