Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тазалық акциясы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тазалық акциясы өтті.
None
None

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен #Birge#TazaQazaqstan экологиялық шарасы еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияға Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен Төлеби ауданы әкімдігі мен мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен банк қызметкерлері, экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Экологиялық шара аясында өзендердің арнасы, туристік маршруттар, Сайрамсу шатқалындағы жол бойы мен өзен жағалауы және 8 демалыс алаңқайлары тазаланды. Сондай-ақ, кордон-демалыс үйлерінің ауласы мен өткізу-тазалау бекетінің төңіректері және басқа да табиғи орындарды ретке келтіру мен абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.


«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Сахит Қынтаев аталған экологиялық акция азаматтарды Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар