Сайрамда қойма өртенді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысының Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы қоймада өрт шықты. Бұл туралы хабарлама 112 құтқару қызметінің пультіне келіп түскен.

өрт
Фото: ТЖМ

Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің қарқыны күшейіп, шатыр құлаған. Қазір өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

— Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Сөндіру барысында оттегінің көптігі, қатты түтін мен жылу сәулесінің жоғары болуы, сондай-ақ жалынның үлкен аумаққа тез таралуы жұмысты қиындатып отыр. Өртке қарсы күреске жеке құрамнан 28 қызметкер және 8 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ, — делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістандағы көру мұнарасы неге жабылып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар