Сайранға батып кеткен жасөспірімнің денесі судан шығарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін судан алып шықты. 

Алматинцы засоряют обновленный Сайран: что происходит на озере
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сайран көлінің батыс жағалауында 2007 жылы туған жасөспірімнің суға батып кеткені туралы ақпарат 109 құтқару қызметінің пультіне түскен.

Айта кетейік, дәл осы аумақта «Шомылуға тыйым салынған» деген ескерту белгісі орнатылған.

— Оқиға орнына дереу Алматы қалалық құтқару қызметінің, ТЖД, республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында РЖҚЖ сүңгуірлері жасөспірімнің мәйітін судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Оның аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқарушылар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, ескерту белгілеріне назар аударуға және өмір мен денсаулықты қорғауға шақырды.

Осыған дейін Сайран көліне жасөспірімнің батып кеткені туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар