Сбербанк Атырау портын кеңейтуге 200 миллион АҚШ доллары көлемінде несие бермек

«ҚТЖ - біздің әріптестеріміздің бірі. Біз ҚТЖ-мен бірлесіп қолға алған жобалар алдын ала белгіленген жоспар бойынша іске асуда. Бізде олардың несиелерімен жұмыс бойынша ешқандай да ескертулеріміз жоқ. ҚТЖ президентімен жаңа жобаларды талқылау үшін ғана кездесеміз. Біз жуық арада бірлескен жобаны қолға аламыз деп уағдаластық. Ол - Атырау портын кеңейту. Аталмыш жобаға біз 200 миллион доллардан астам несие береміз. Бұл жоба белгіленген кестеге сай жүзеге асырылуда», - деді Г.Греф.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық мәжілісінің аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мамин Ресейдің Сбербанкінің Президенті және басқарма төрағасы Герман Греф пен «Сбербанк» АҚ-ның еншілес өкілдігінің басқарма төрағасы Александр Камалов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.