SCAT әуе компаниясы рейстердің кешігетіні туралы ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – SCAT әуе компаниясы 23 маусымда рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Kazinform.

самолет, рейс, ұшақ
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оған ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болып отыр.

Жағдайды реттеу үшін резервтік ұшақтар жіберілді, бірақ кейбір бағыттар бойынша рейстер кешігуі мүмкін:

* Алматы – Шарм-эль-Шейх;

* Алматы – Анталия;

* Анталия – Алматы.

Бұдан басқа, SCAT халықаралық жағдаймен байланыстырған Астана-Доха рейсі тоқтатылды.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтататынын жазған болатынбыз. 

Атап айтқанда, КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау; КС205/206/Астана-Дубай-Астана; КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы; КС655/656/Астана-Доха-Астана арасындағы рейстер тоқтайды.

 

Соңғы жаңалықтар