Щучье қаласында баскетболдан «Үміт кубогы» турнирі өтіп жатыр
Бұл байрақты бәсеке Қазақстан халық банкінің «Халықтық лига» деп аталатын әлеуметтік жобасы аясында 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Қаржы институты сондай-ақ, өз қамқорлығындағы балалар мекемелерін спорттық құрал-жабдықпен, арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етіп, балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың еңбегіне ақы төлеуде. Биыл жарысқа қатысушы командалардың дайындық деңгейін ескере отырып, «Халықтық лига» жобасының жаттықтырушылар кеңесі мамыр айында банкке ұсыныс жасаған болатын. Онда «Үміт кубогі» турнирінің өткізу пішінін қайта қарап, оны көктемде және күзде ресми түрде өткізілетін чемпионатқа айналдыру мүмкіндігін қарастыру жайы айтылған еді. Халық банкі ҚР Ұлттық баскетбол федерациясымен жарыстың мәртебесін өзгертіп, Туризм және спорт министрлігі өткізетін бұқаралық спорттық іс-шаралар бойынша республикалық күнтізбелік кестеге енгізу және қатысушыларға спорттық разрядтар беру мүмкіндігін шешу барысында өткен айда турнирге республикалық чемпионат мәртебесін берді. Жалпы «Халықтық лига» жобасына биыл банк 25 миллион теңге бөліп отыр. Ал оған жұмсалған қаржының жалпы көлемі 108,2 миллион теңгені құрауда.