Щучье қаласында бір жарым жастағы нәрестені сатпақ болған күдікті қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің жедел іздестіру тобы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Щучье қаласында бір жарым жасар қыз баланы сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алдын ала белгілі болғандай, Ресей елінің Саратов қаласының тумасы соңғы екі жылдан бірі Щучье қаласында тұрақтаған. Еш жерде жұмыс істемейтін шет ел азаматы өзі уақытша тұрып жатқан әйелдің үйде жоқтығын пайдаланып, оңай олжаға кенелмек болған. Сатып алушы ретінде келген полиция қызметкеріне сәбиді 800 АҚШ доллары мен 70 мың теңгеге бағалаған. Алайда арам ойы іске аспай бейкүнә сәби анасының құшағында аман қалды. Сол жерде айғақты дәлелдер тәркіленіп, күдікті қамауға алынған.
Соңғы жаңалықтар