Щучье қаласында көңілдесін өлтірген әйел сотталды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- Көңілдесін өлтірді деп айып тағылған 1978 жылы туған Щучье қаласының Ә. есімді әйел азаматы Ақмола облысына қарасты Щучье аудандық сотының шешімімен 11жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудандық сот төрағасы Самалбек Мұхтаровтың айтуынша Ә.есімді әйел, бұрын сотталған, кәмелетке жасы толмаған төрт баланың анасы және еш жерде жұмысқа тіркелмеген. Өткен жылы А. есімді ресейлік азаматпен танысып, екі ай көлемінде бір шаңырақты мекендеген. Оқиға болған күні, ішімдік ішу салдарынан көңілдестер арасындағы әңгіме жанжалға ұласып, оның соңы әйелдің көңілдесін бірнеше жерден пышақтап, ресейлік азаматтың көз жұмуына келіп тіреледі. Аудандық сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабының 1-ші тармағы және ҚР Қылмыстық кодексінің 60-шы бабымен бас бостандығынан айырылды. Ақмола облыстық соты бұл үкімді күшінде қалдырды.
Соңғы жаңалықтар