Щучье қаласында on-lain жүйесімен ағылшын тілі сабағы өткізілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Щучье қаласындағы нөмірі бірінші орта мектепте жоғары сыныптың мұғалімі Надежда Смоленцова ағылшын пәнінен сабақ өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алғаш рет қолға алынып отырған игілікті іс облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының қолдауымен «Кітап менің өмірімде» тақырыбы бойынша жүзеге асырылды. Бірінші сабақты интерактивті тақта арқылы аймақтың 33 мектебінің оқытушылары мен оқушылары көре алды. Ал озық әдістің қыр-сырынан Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Ерейментау аудандарының білім ошақтары жағдайы болмағандықтан қалыс қалды. Бұл шараның болашағы мен мүмкіндігі мол екендігін білім саласы қызметкерлері жете түсінді. Ең бастысы, ендігі күні өңірдегі озық тәжірибе баршаның игілігіне жаратылатын болады.
Соңғы жаңалықтар