Щучье қаласында жергілікті тұрғын өз мылтығынан ажал тапқан - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында жергілікті тұрғынның ажалы өзінің оқ қаруынан келген.
None
None

Аудандық ішкі істер бөлімінен алынған мәліметтерге сәйкес қаланың іргесіндегі бұрынғы саяжай кооперативінде орналасқан шаруа қожалығына тиесілі аумақта жатаған үйден 1963 жылғы М.есімді азаматтың өлі денесі табылған. Жанында 16-шы калибрлі мылтық жатқан. Алдын ала болжам бойынша ер азамат мылтығынан абайсызда оқ атып, содан жан тапсырған. Қазір сот сараптама жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар