Щучье қаласындағы «Азиятепломонтаж» ЖШС жарты миллиард теңгенің өнімін өндірді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Елімізде бірден бір жылу қазандықтарын шығарып, құрастыруға мамандандырылған «Азиятепломонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өткен жылы жарты миллиард теңгенің өнімін өндіріп,
None
None
қызметін көрсеткен, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда он пайызды құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Серіктестік басшысы Виктор Кондрашевтың айтуынша, тек өткен жылы еліміздің түкпір-түкпіріне қуаттылығы әртүрлі 250 қазандық жөнелтіліп, іске қосылған. Оның сыртында құбырларды полиэтиленмен қаптау, пенопласт шығару сынды өндірістің жаңа түрлері игеріліп отыр. Кәсіпорында бюджеттік сала тапсырыстарына орай елеулі жеңілдіктер ескерілген. Қазірде өндіріс орталығында 160 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, олардың орта айлық табыстары 40 мың теңгеден айналуда. Оның сыртында, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасына орай бірқатар шаралар шешімін тауып келеді. Жыл ішінде бюджетке 25 миллион теңгеден астам қаржы аударылған.
Соңғы жаңалықтар