Щучье қаласының тұрғыны 300 мың теңге берешегін өндірмек ниетпен тапанша қолданған

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында жергілікті тұрғынның көзіне оқ тиіп, дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығында құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген құрылысшылар бригадасының жетекшісіне жарақат салатын тапаншадан оқ атылған. Көз қарашығы зақымданған жергілікті тұрғын сол мезетте ауруханаға жеткізіліп, ем-дом қабылдаған. Жарақат салушы - осындағы бір дәмхананың күзетшісі 300 мың теңге алашағын осылай өндіріп алмақ болған. Қазір күдікті қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК-сінің 132-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар