17:11, 01 Қаңтар 2020 | GMT +5
«Щучье-Нұр-Сұлтан» тас жолының елорда бағыты ашылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Щучье-Нұр-Сұлтан» тас жолының елорда бағыты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаңтардың 1-і сағат 15:39 бастап «Щучье-Нұр-Сұлтан» тас жолының елордаға баратын жолы ашылды. Көліктер Нұр-Сұлтан бағытына жүре бастады», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері аталмыш жолдың Нұр-Сұлтан қаласынан Щучьеге келетін жағы қардан тазартылып жатқандығын айтуда. Ал, Ақмола облысындағы өзге бағыттардағы жолдар әзірге жабық күйінде.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін бұрқасынға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы маңы бағдарлары, күре жолдар жабылған болатын.