Щучье тұрғыны балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашты - Ақмола облысы (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье тұрғыны "Бизнестің жол картасы-2020" мембағдарламасы аясында балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашты.
None
None

Бұл жолы аталған бағдарламаның қатысушысы жеке кәсіпкер Биләл Сәкенов 92 миллион теңгенің несиесін алып, дүкен, дәмханасы бар "Ақ Желкен" балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашып отыр. Бүгінгі күні ол осы арқылы қолда бар кәсібінің ауқымын кеңейтіп отыр.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы еліміздегі түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер үшін қолда бар шағын және орта бизнесін дамытуға зор мүмкіндіктер береді. Мен елімізде осындай бағдарламаның барына қуанамын. Осы арқылы кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай әлеуметтік мәселелерді де оң шешуге болады", - дейді кәсіпкер.

Соңғы жаңалықтар