Щучьеде жас таланттар бас қосты

КӨКШЕТАУ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай курорты аймағында орын тепкен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жас таланттар шеберханасы» бағдарламасы аясында талапты жастар бас қосты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі орталық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Орталықтың бас директоры Мұхитдин Төлепбаевтың айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей, Қырғыз мемлекеттерінен келген 300-ге тарта балғын Халықаралық суретшілер форумына қатысады. Екі апта бойы қоршаған орта сұлулығын танып білу, тақырып, композиция таңдау, көркем сурет жанрларын анықтау, сурет пен ой бірлігін қалыптастыру тұрғысында тәжірибе алмасады. Жеткіншектердің еліміздегі жоғары оқу орындарынан келген білікті оқытушылардан, есімі белгілі суретшілерден тәлім алуы жоспарланған. Іс-шара аясында қылқалам шеберлерінің жаңа туындыларының көрмесі ұйымдастырылады.
Соңғы жаңалықтар