Щучинск қаласындағы халықаралық шаңғы орталығы биыл іске қосылуы керек - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында салынып жатқан халықаралық шаңғы орталығы 2016 жылы іске қосылады. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Болжам бойынша, Щучинск қаласында салынып жатқан халықаралық шаңғы спорт орталығы жылдың соңына дейін, яғни 2016 жылдың ішінде іске қосылады. Жалпы алғанда, спорт базасының құрылысы аяқталған, тек трамплиндер салынып біткен жоқ. Алайда, оның құрылысын керек болған соң тоқтатқанбыз, себебі орталықты тек спортшылар жиналатын жер емес, халықаралық жарыстар өткізетін орталық етіп салғымыз келді»,-деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың көктемінде министр бұл шаңғы базасы 2015 жылдың соңында салынып бітіп, 2016 жылдың 1 қаңтарында ресми жұмысқа кіріседі деп айтқан болатын.

«Осындай бірегей орталық салған соң оны халықаралық федерацияның талаптарына сәйкестендіргіміз келді. Міне, осы халықаралық федерацияның бірнеше ұсынысы мен талабына байланысты құрылысты уақытша тоқтаттық. Ол талаптар мен ұсыныстарды орындау қолымыздан келеді»,-деп түсіндірді министр.

А.Мұхамедиұлы атап өткендей, бұл орталық Қазақстанда қысқы спорт түрлерін дамытуға жақсы серпін береді.

Соңғы жаңалықтар